«Ұшқыш қаза тапты»: Хорватияда түріктің тағы бір ұшағы құлады

Бүгін, 09:42 / Алуа Арман
Анадолу

Түркияның ауыл және орман шаруашылығы министрі Ибрагим Юмаклы Хорватияда орман шаруашылығы бас басқармасына тиесілі өрт сөндіру ұшағының сынықтары табылғанын хабарлады. Оның айтуынша, ұшқыш қаза тапқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Хорватиядағы Сень қаласының маңынан орман шаруашылығы бас басқармасына тиесілі, байланыс жоғалған өрт сөндіру ұшағының сынықтары табылды. Осы қайғылы апатта қаза тапқан ұшқышымыздың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын», — деп жазды ол.

«Орман шаруашылығы бас басқармасына тиесілі екі AT802 өрт сөндіру ұшағы 12 қараша, сәрсенбі күні, сағат 10:24-те Чанаккаледен (Түркия) жоспарлы техникалық қызмет көрсету үшін Загребке (Хорватия) ұшып шықты. Ауа райының қолайсыздығына байланысты екі ұшақ та Риека (Хорватия) әуежайында тоқтап қалды. 13 қарашада, Түркия уақытымен 17:38-де, ұшақтар Загреб әуежайына қарай ұшқан, бірақ ауа райының нашарлауынан қайтадан Риекаға оралуға мәжбүр болды. Қайту барысында бір ұшақ сәтті Риека әуежайына қонды, алайда екінші ұшақпен байланыс Түркия уақытымен 18:25-те үзілді. Пилот пен ұшақты іздестіру үшін Хорватия қызметтерімен бірлескен іздестіру-құтқару жұмыстары басталды», - делінген Бас басқарма хабарламасында.

Тэгтер:

Ұшақ ұшқыш Хорватия