Павлодар облысында жайылымда жүрген ондаған малды айдап кеткен қылмыстық топтар ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«ІІМ мал ұрлығына қарсы күресті жүйелі түрде жүргізіп, бұл бағыттағы профилактикалық және жедел іс-шараларды тұрақты түрде жүзеге асыруда», – деп хабарлайды облыстық ПД.
Қараша айында криминалдық полиция қызметкерлерінің мақсатты іс-шараларының нәтижесінде мал ұрлығына қатысы бар төрт қылмыстық топтың жолы кесілді. Күдіктілер қараусыз жайылымда жүрген малды бақылап, түнгі уақытта таулы жерлерге айдап, сойып, кейіннен республиканың ірі қалаларының базарларында сатқан. Күдіктілерден 50-ден астам ұрланған мал басы тәркіленді, қылмыскерлер қамауға алынды.
Азаматтарға жайылымда малды қараусыз қалдырмауды, оларды таңбалап, сәйкестендірудің заманауи цифрлық әдістерін қолдануды ұсынамыз.