Бүгін Ақтау қаласының 4А шағын ауданында жағалау аймағын патрульдеу барысында құтқарушылар абайсызда пирстан теңізге құлап, өз бетімен шыға алмаған әйелді тауып алған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Құтқарушылар әйелді жедел түрде судан шығарып, жағалауға жеткізді. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.
"ТЖМ су қоймаларында, әсіресе суық мезгілде болған кезде өте сақ болуға және тайғақ және тұрақсыз жағалауларда серуендеуден аулақ болуға шақырады", - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.