Францияның Марсель қаласының шетінде орналасқан Tesla автосалонының автотұрағында 20-дан аса Tesla көлігі өртенді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы BFMTV телеарнасы мәлімдеді.
«Le-Pen-Mirabeau ауданындағы осы маркалы автосалонының автотұрағында болған өрт салдарынан 24 Tesla көлігі жанып кетті», – делінген хабарламада.
Өрт толық сөндірілгеннен кейін, автосалон автотұраққа келген зиянға қарамастан, қалыпты тәртіпте жұмысын қайта бастады.