Теңге нығайды: Биржада доллар арзандады

Бүгін, 16:30 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 524,32 теңгені құрап, 0,26 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 13 қарашадағы ресми доллар бағамы – 524,65 теңге.

Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 524,16 теңге, сату бағамы – 526 теңге. Астанада долларды орташа есеппен 521,66 теңгеден сатып алып, 528,66 теңгеден сатады. Шымкенттегі айырбастау пунктерінде доллардың сатып алу бағамы – шамамен 524,3 теңге, сату бағамы – 526,34 теңге.

Еске салайық, 10 қарашадағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 2,27 теңгеге төмендеген, 11 қарашада 1,69 теңгеге көтерілген, ал 12 қарашада 0,61 теңгеге азайған болатын.

Тэгтер:

Доллар Валюта теңге биржа нарық қор