Семейдегі №51 жалпы орта мектебінің оқушылары айрықша эко-жобаны бастады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқушылар көркем еңбек пәнінің мұғалімі Қасымов Ерасылдың жетекшілігімен бөтелке қақпақтарын қайта өңдейтін ерекше эко-жобаны қолға алды.
«Жоба аясында оқушылар өз қолдарымен бөтелкелерді сұрыптау жәшігі мен қоқыс контейнерлерін жасап шығарды. Бұл бастама – қоршаған ортаны қорғауға, қайта өңдеудің маңызын түсінуге және табиғатқа жанашырлық танытуға бағытталған.
Мақсатымыз – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, тұрмыстық қалдықтарды тиімді пайдалануға үйрету.
Бірге табиғатты аялайық!», - делінген хабарламада.