Таңдаулылар ҚазҰУ-ды таңдайды

Қазіргі  ХХІ ғасырдың сын-тегеуріндері қоғамның дамуында, әсіресе, жоғары оқу орындары сферасында елеулі өзгерістерге алып келуде. Әр жылы мыңдаған бітіруші түлектер өміріндегі бірден-бір маңызды сұраққа тап келеді – ол сапалы және тиімді білім алудағы жоғары оқу орны мен мамандықты таңдау.  Көптеген оқу орындары білім алуда аса көп мамандық түрлерін және оның  бағыттарын кеңейтеді, оқу орындары стендтерінде студенттік өмірдің суреттерімен безендіріп, бітіруші түлектерді өзіне тарту мақсатында оларға ашық есік күндерін ұйымдастырады, жоғары оқу орны туралы ақпараттарды жеке ресми сайтында немесе интернет желісіндегі әлеуметтік сайттарда таратады, буклеттерді баспадан шығарып, жарнамалық және өзге де іс-шараларды жүргізеді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тек еліміздің территориясында ғана емес, шет елдерде де жоғары білім берудің бренді болып табылады. Ұлттық білім берудің көшбасшы университеті қазақстандық мектептің барлық бітіруші түлектерін ҚазҰУ қабырғасында сапалы білім алуға шақырады.  Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Орталық Азия мен Қазақстанда ЖОО-лар арасында бірінші орында, ал 2016 жылы Халықаралық QS World University Rankings рейтингіне сәйкес «Әлемнің ең үздік 250 университеттері» тізімінде 236-орынды алып енді. Осы тұрғыда айта кетсек, посткеңестік кеңістікте тек екі ЖОО ғана бұл тізімге енген – Ломоносов атындағы МҰУ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.

Еліміздің ең көне және үздік универ­си­тетінде Экономика және бизнес жоғарғы факуль­теті айрықша орын алады.  Біздің факультет оқуға түсуші әр талапкерге білім беру бағдарламасының әр түрлі бағыттарын ұсынады, оның ішінде ең негізгілері экономика, менеджмент және маркетинг, қаржы, есеп және аудит болып табылады. «Экономика» мамандығы ҚазҰУ-дағы көшбасшылардың бірі «Экономика» кафедрасынан бастау алады. Экономика кафедрасының жоғары квалификациялы және кәсіби мұғалімдер мен профессорлар құрамы университетіміздің білім беру және ғылыми-зерттеу процестерінде белсенді түрде қатынасады және талантты қазақстандық жастарды осы қара шаңырақ қабырғасында білім алуға шақырады.

Экономика кафедрасы үш сатыда маман­дық­тарды даярлайды: бакалавриат, магистратура және PhD докторантура. Кафедрада студенттерге, жас магистрант ғалымдарға және мұғалімдерге өз білімін шыңдауға, сондай-ақ, сапалы зерттеу жұмыстарын жүргізуге көмек беретін  Инновациялық кәсіпкерлік орталығы, студенттік ғылыми «ХХІ ғасыр экономисі» үйірмелері қызмет жасайды. Қазақстанның танымал және білікті топ-менеджерлері тізімінде көбінесе ҚазҰУ түлектері кездеседі, атап айтсақ, Экономика және бизнес жоғарғы мектептерінің түлектері, ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев, ҚР Ұлттық экономикасының  вице-министрі А.Жұмағұлов, Ұлттық инвестициялық корпорациясының басшысы Е. Біртанов және т.б.

Қорытындылай айтсақ, жоғары деңгейдегі мамандар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ үздік және сапалы білім беретін таңдаулы, талантты және жетістікке жетуге бейім тұлғалардан бастау алады!

 

Д. Рахматуллаева,

 PhD докторы, доцент м.а.

П.Қ Сәлібекова,

ассистент, Экономика кафедрасы Экономика және бизнес жоғары мектебі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

 

Back to top button