Қазақстанда мал ұрлығына қатысы бар 4 иқылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)

Бүгін, 15:54 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Қараша айында Алматы, Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында криминалдық полиция мал ұрлығына қатысы бар төрт қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Күдіктілер қараусыз жайылымда жүрген малды бақылап, түнгі уақытта таулы жерлерге айдап, сойып, кейіннен республиканың ірі қалаларының базарларында сатқан. Күдіктілерден 50-ден астам ұрланған мал басы тәркіленді, қылмыскерлер қамауға алынды.

Полиция азаматтарға жайылымда малды қараусыз қалдырмауды, оларды таңбалап, сәйкестендірудің заманауи цифрлық әдістерін қолдануды ұсынады.