Өскеменде ер адамның мәйіті табылды

Бүгін, 12:35 / Алуа Арман
istockphoto.com

13 қараша, бейсенбі күні Өскемен қаласында жүргіншілер автокөліктердің арасында жерде жатқан ер адамды көріп қалған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Куәгерлер оны көлік қағып кеткен болуы мүмкін деп болжаған.

«Жол-көлік оқиғасы фактісі расталмады», – деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адамның өлімінің нақты себебін сараптама анықтайды.

Тэгтер:

мәйіт Ер адам Өскемен