Қуандық Бишімбаевтың анасы 1 млн долларды жылдар бойы қалай жинағанын айтты

Бүгін, 11:38 / Алуа Арман
Ғаламтор

Астанада Куандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекованың өтініші бойынша іс қаралып жатыр. Оның айтуынша, ол 990 мың долларды туысына сақтауға берген. Прокурор бұл қаражаттың қайдан келгенін сұрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Альмира Нұрлыбекова әрдайым адал еңбегімен табыс табуға тырысқанын айтты. Ол 90-жылдардағы алғашқы сауда келісімдерінен бастап, өз білім беру және консалтингтік жобаларын ашуға дейінгі кәсіпкерлік жолын еске алды.

«Мен 1993 жылдан бері бизнестемін. 2002 жылы көтерме саудамен айналыстым. Ол кезде азық-түлікпен өте қиын болды. Біз ақшаны жіберіп, Мәскеуден жігіттер бізге кәмпит, апельсин, мандарин жіберетін. Солай бәрі басталды», – деді ол.

Оның айтуынша, алғашқы табысы өз ісін бастауға негіз болған.

«Менің алғашқы капиталым шамамен 200 мың доллар еді. Кейін мектеп аштым, содан соң SPA-салон. Таразда ғимарат сатып алып, оқу орталығын аштым, кейін тіпті университет те аштым. 2006–2007 жылдары бизнесімді дамытуға шамамен бір миллион доллар инвестиция салдым», – деді Нұрлыбекова.

Жәбірленуші өз сөзінде химия ғылымдарының кандидаты, доцент екенін, бірақ кәсіпкерлік қабілеті 2000-жылдардың басында айқын көрінгенін айтты.

«Біз Шымкентке көшкен соң, білім беру ісімен белсенді айналыстым. Аудандардан жастар келетін – мен оларға екінші мамандық алуға көмектестім. Шаштараздарды, компьютер мамандарын, бухгалтерлерді оқыттым. Сол кезде консалтингтік компания ашып, менеджмент бойынша тренингтер өткіздік, ISO сертификаттаумен айналыстық, басқарушылық дағдыларды дамыттық», – деп еске алды ол.

Альмира Нұрлыбекова бұл ақшаны жылдар бойы жинап, өз еңбегімен тапқанын түсіндірді.

Тэгтер:

Қуандық Бишімбаев Альмира Нұрлыбекова