Қақпашы Александр Заруцкий​​​​​​​ «Қайрат» клубында қалатын болды

Бүгін, 11:20 / Дана Ізтілеуова
"Қайрат" ФК

Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Александр Заруцкий алматылық «Қайрат» клубында қалатын болды, деп хабарлайды turkystan.kz ASnews.kz-ке сілтеме жасап.

Екі жыл қатарынан чемпион атанған алматылық клуб басшысы тәжірибелі қақпашыны басқа клубқа жібергісі жоқ. Бұған дейін түрлі БАҚ-та Заруцкийдің басқа қазақстандық командаға ауысатыны жайында хабар тараған-тын.

Биылғы маусымда 32 жастағы қақпашы 24 ойынға қатысып, Қазақстан Суперкбогі мен чемпионатын жеңіп алды.

Transfermarkt порталы Заруцкийдің трансферлік құнын 350 тысяч еуроға бағалап отыр.

Тэгтер:

«Қайрат» клубы қақпашы Александр Заруцкий