Әулиекөл ауданының прокуратурасы жекелеген орман шаруашылықтарының орманды пайдаланғаны үшін бюджетке ақы аудару мерзімдерін бұзғанын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Төлеу мерзімдері бұзылған жағдайда салық органдары 5 жұмыс күнінен кешіктірмей салық төлеушілерге берешекті өтеу туралы хабарлама жібереді.
Сонымен қатар, прокурорлар ауданның мемлекеттік кіріс басқармасы орман пайдалану ақысын өндіріп алу шараларын қолданбағанын анықтады.
Нәтижесінде аудан прокуратурасының қадағалау актісі бойынша 31,8 млн теңге өндірілді, салық органының басшысы қызметтік сәйкестігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.