Абай облысында алғаш рет ұйымдастырылған дзюдодан Қазақстан чемпионатына облыс басшылығының арнайы шақыруымен 2024 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Елдос Сметов келді, деп хабарлайды turkystan.kz Abaiaqparatkz-ке сілтеме жасап.
Аймаққа келген спортшыны облыс әкімі Берік Уәли қабылдап, оның жастарға үлгі боларлық еңбегін ерекше атап өтті.
«Қазақстан дзюдосының символына айналған азаматтың Абай еліне келуі – жас спортшылар үшін зор мотивация. Оның қатысуы жарыстың деңгейін көтеріп қана қоймай, әрбір спортшыға үлкен мақсаттарға ұмтылудың маңызын көрсетеді», – деді өңір басшысы.
Берік Уәли даңқты спортшыға өңір жұртшылығы атынан құрмет көрсетіп, 10 миллион теңгенің сертификатын табыс етті.