Жүзуші Софья Сподаренко Ислам ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Бүгін, 09:05 / Інжу Әлихан
olympic.kz. Сурет авторы: Нұрғали Жұмағазы

Жүзуден Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Софья Сподаренко Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында топ жарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстандық суда жүзуші 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде үздік шықты.

Ол қашықтықты 1:01.66 уақытта жүзіп өтті.

Түркия өкілі Дефне Таниг екінші орынға ие болды - 1:02.05. Ал оның отандасы Сехер Кая үздік үштікті түйіндеді - 1:02.42.