«Бүгін өмірден озған күні»: Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділов туралы айтты (ВИДЕО)

Бүгін, 07:25 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Халық әртісі Мақпал Жүнісова 12-қараша Заманбек Нұрқаділовтің қайтыс болған күні екенін айтып желідегі парақшасында жазба жариялады, деп жазды turkystan.kz. 

"12-қараша Зәкеңнің өмірден озған күні. Топырағыңыз торқа болсын", - деді әнші.

Сондай-ақ марқұм күйеуінің жазбаларын да желіге жүктеді. 

"Зәкең осы әнді домбырамын жиі айтқызатын еді", - деп Мақпал Жүнісова "Есіңе мені алғайсың" әнін шырқады. 

Мақпал Жүнісова Нұрқаділовтің шығармашылығынан да сыр шертті. 

"Зәкеңнің өлеңіне жазылған әннен үзінді. "Өмір-ай". Бұл домбыраны Зәкеңе сыйға тартқан", - деді ол.