Өскеменде ер адам аулада пышақпен жүгіріп жүрген

Бүгін, 22:58 / Өтей Торғайұлы
Фото ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде Өскеменде ер адамның аулада пышақпен жүгіріп жүрген видеосы тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті бұл жағдайға қатысты пікір білдірді. 7 қарашада “102” нөміріне хабарлама келіп түскен. Онда тұрғындардың айтуынша, көпқабатты үйдің ауласында мас ер адам агрессивті әрекет жасап, айналасындағыларға қауіп төндірген.

«Көрсетілген мекенжайға патрульдік полиция экипажы жедел жіберілді. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары 37 жастағы мас ер адамды ұстады», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Тексеру барысында ер адамның үстінен қауіпті немесе тыйым салынған заттар табылмады. Бұған дейін ол жайында ешқандай шағым түспегені де нақтыланды.

Ер адам уақытша бейімдеу және детоксикациялау орталығына жеткізілді. Есірткі қолданған белгілері анықталған жоқ. Сондай-ақ, ешқандай мүлікке зиян келтірілмегені туралы полицияға арыз түспеген.

Қоғамдық орында мас күйінде жүргені және бұзақылық әрекеттері үшін ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Қандай жаза қолданылатынын сот шешеді.

Тэгтер:

Ер адам Өскемен аула