Қазақстан мен Ресей арасында шешімін таппайтын түйткіл жоқ – Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін, 19:06 / Дана Ізтілеуова
Ақорда

Мемлекет басшысы Мәскеуде жүргізілген келіссөздер барысында тараптар стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ниетті екенін растағанын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының әлеуеті зор. Бірлескен жұмыстың шет-шегі жоқ. Елдеріміз барлық салада нәтижелі ынтымақтастық орнатты. 

Қазақстан мен Ресей арасында шешімін таппайтын түйткіл жоқ. Бұл тараптардың жауапкершілігі мен бірлесе жұмыс істеуге құлшынысы жоғары екенін көрсетеді. 

Мазмұнды келіссөз жүргізіп, қонақжайлық танытқаны үшін құрметті Владимир Владимирович Путинге тағы да алғыс айтамын. Тату көршілік қатынастарымыз болашақта да стратегиялық серіктестік пен одақтастық мұратына жетелей береді деп сенемін», – деді Мемлекет басшысы.