Жапон ғалымдарының зерттеуінше, жаттығу кезінде ырғақты әуен тыңдау өте көп бақыт гормонының бөледі. Frontiers in Sports and Active Living журналында жарияланған зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, ырғақты музыка әйелдердің жүгіру жылдамдығын арттырып, өздерін сергек әрі қуанышты сезінуіне көмектеседі, деп хабарлайды turkystan.kz.
Экспериментке Рюцу Кэйдзай университетінің денсаулық және спорт ғылымдары факультетінің 18-21 жас аралығындағы 38 студенті қатысты. Олар екі түрлі он минуттық жаттығу жасаған.
Нәтижесінде қатысушылар ырғақты музыкамен жүгірген кезде жылдамдықтарының сәл артқанын және көңіл-күйлерінің жақсарғанын байқаған. Ерлерде мұндай өзгеріс байқалмаған.
Ғалымдар бұл құбылысты әйелдердің музыкалық ырғаққа деген сезімталдығымен түсіндіреді. Зерттеушілердің пікірінше, мұндай әуендер жаттығу процесін қызықты етіп қана қоймай, физикалық белсенділікті әдетке айналдыруға да көмектеседі.
Мамандар фитнес жаттықтырушыларға жаттығу кезінде ырғақты музыканы көбірек қолдануға кеңес береді, ол мотивацияны арттырып, стрессті азайтады және көңіл күйді көтереді.