Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің келіссөзі басталды

Бүгін, 16:36 / Алуа Арман
Ақорда

Кремльде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің келіссөзі басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кремльдің Георгий залында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы «Белгісіз жауынгер бейіті» ескерткіш мемориалына гүл шоғын қойды. Одан кейін Ресей Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенкомен кездескен болатын.

Тэгтер:

Тоқаев мемлекеттік сапар Кремль