Ғалымдар қартаюды баяулатудың жаңа тәсілін тапты

Бүгін, 18:15 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Бірнеше тіл білу адам ағзасындағы қартаю процесін тежейді. Бұл туралы Nature Aging журналында жарияланған зерттеу нәтижелері дәлелдейді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Халықаралық ғалымдар тобы 27 Еуропа елінің 51 бен 90 жас аралығындағы 86 мың адамның дерегін талдаған. Зерттеу нәтижесінде тек бір тілде сөйлейтіндердің когнитивтік және физикалық қартаю қаупі бірнеше тіл білетін адамдарға қарағанда шамамен екі есе жоғары екені анықталды.

Мамандардың айтуынша, көп тілді білу жүйке жүйесінің икемділігін сақтауға көмектеседі және есте сақтау мен қимыл-қозғалыс қабілетінің бұзылуының алдын алады. Бұл әсері тұрақты физикалық белсенділік пен әлеуметтік қарым-қатынастың пайдасымен тең.

Ғалымдар өмір салты, тамақтану және мәдени факторлар да маңызды рөл атқаратынын атап өтсе де, барлық көрсеткіштерді есепке алғаннан кейін де көптілділіктің оң әсері сақталған.

Окленд университетінің профессоры Стивен Мэй:

«Әлем халқының 50-75 пайызы екі немесе одан да көп тілде сөйлейді. Алайда ағылшын тілінде сөйлейтін елдердіңтұрғындарының көбі – монолингв. Сондықтан қостілділіктің осындай қорғаныс әсері олар үшін күтпеген жаңалық болуы мүмкін», – деді.

Тэгтер:

тәсіл қартаю