Қарағанды облысында жеңіл көлік қатты соққыдан екіге бөлініп кетті (ВИДЕО)

Бүгін, 15:50 / Інжу Әлихан
Скриншот

11 қараша күні сағат шамамен 17:00-де «Осакаровка – Нұра» автожолының 40-шақырымында ірі жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Volkswagen Passat пен Lexus маркалы көліктер соқтығысып, салдарынан Volkswagen көлігі екіге айырылып кеткен.

Апаттан зардап шеккендер жоқ.

Полицияның мәліметінше, жол апаты көктайғақ кезінде болған. Оқиға бойынша тіркеу жүргізіліп, тексеріс басталды.

Тэгтер:

Қарағанды облысы