Қазақстанда 1,9 млн жуық адам тұмауға қарсы екпе алды

Бүгін, 15:17 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасы Сархат Бейсенованың айтуынша, халықтың ең осал топтарын қорғау үшін мемлекеттік тегін медициналық көмектің мемлекеттік көлемі шеңберінде Бірыңғай дистрибьютор «Гриппол плюс» вакцинасының 2,1 млн дозасын сатып алды, бұл халықтың 11% қамтуға мүмкіндік береді.

«Республикада тұмауға қарсы 1 919 417 адам немесе халықтың 9,4% екпе алды, вакцинация жалғасуда», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Вакцинация медициналық қызметкерлер, медициналық ұйымда динамикалық бақылауда тұратын балалар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығын жоғалтқан балалар, қарттарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелердегі адамдар, мүгедектігі бар адамдар, эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша инфекция жұқтыру қаупі жоғары адамдар тегін негізде жүргізіледі.