Түркістан облысында 100 келіге жуық заңсыз ауланған балық тәркіленді

Бүгін, 15:02 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Полицейлер Шардара су қоймасының аумағында заңсыз балық аулаумен айналысқан екі жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция аталмыш ер адамдардан 98 келіге жуық балық, қайық пен тыйым салынған қытай торын тәркіледі. Бұл жайт "Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз өндіру" бойынша тіркелді.

Одан әрі заттай дәлелдемелері бар браконьерлер полиция бөліміне жеткізілді. Қазір Шардара су қоймасындағы заңсыз балық аулау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тэгтер:

балық Түркістан облысы