Түркияда Ыстамбұлдың бұрынғы мэрі Экрем Имамоғлыға қатысты ауқымды тергеу аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Прокуратура саясаткерге ондаған қылмыс бойынша тағылған айыптау қорытындысын дайындады. Онда қылмыстық ұйым құрудан бастап, пара алу және алаяқтыққа дейінгі әрекеттер бар.
Ыстамбұл бас прокуратурасы “пайда табу мақсатында әрекет еткен Имамоғлының қылмыстық ұйымы” деп аталған істің аяқталғанын жариялады. Құжатта 407 күдікті көрсетілген, олардың ішінде:
105 адам қамауда,
170 адам сот бақылауында,
7 адам іздеуде,
5 адам — жәбірленуші-күдікті ретінде тіркелген.
Айыптау қорытындысына сәйкес, Имамоғлуға 142 эпизод бойынша қылмыстық әрекет тағылып отыр, соның ішінде:
12 рет пара алу,
7 рет ақшаны заңсыз айналымға салу,
7 рет алаяқтық жасау.
Сонымен қатар оған қылмыстық ұйым құру және оны басқару, қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану, мемлекеттік мекемелерге залал келтірген алаяқтық, салық және экологиялық заңнаманы бұзу, сондай-ақ жалған ақпарат тарату бойынша айыптар тағылды.
Прокуратура бұрынғы қала басшысын 828 жыл 2 айдан 2352 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын сұрап отыр.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырған және алдағы сот процесі қатаң бақылауда өтеді.