Ақсуда құрылыс бөлімі мұқтаж жандарға арнап жарамсыз пәтерлерді сатып алған

Бүгін, 12:09 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақсу қаласының прокуратурасы биыл мұқтаж азаматтарға арналған 24 пәтердің тұруға жарамсыз күйінде сатып алынғанын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тексеру барысында Ақсу қаласы құрылыс бөлімінің сатып алған пәтерлері сол кезде әлі толық аяқталмаған және азаматтардың тұруына дайын болмағаны белгілі болды.

Құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысының заңсыз әрекеттері нәтижесінде мемлекетке 50 миллион теңгеден астам залал келтірілген.

Ақсу қаласының ауданаралық соты аталған лауазымды тұлғаны қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану арқылы ауыр зардаптарға әкелгені үшін екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша анықталған заңбұзушылықтар жойылып, кезекте тұрған азаматтар көптен күткен тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Тэгтер:

Баспана Тұрғын үй құрылыс бөлімі