Қарағанды облысына жарты жылда 200 мыңнан астам турист келді – әкім

Бүгін, 11:54 / Дана Ізтілеуова
@ortcom_kz

Қарағанды облысына жарты жылда 200 мыңнан астам турист келді Өңірде туристік индустриялық аймақ құру бойынша жұмыс басталды, жер учаскесі анықталды. Тұжырымдама әзірленіп жатыр, сондай-ақ автожол салынды, электрмен жабдықтауға және сумен жабдықтауға қосылу мүмкіндігі бар. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, Балқаштан басқа тағы бір туристік орын – Қарқаралы, онда Бұғылының рекреациялық аймағы дамытылып жатыр.

«Қазір инженерлік коммуникацияларды тарту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Инвесторларға қонақ үйлер немесе демалыс аймақтарын салу үшін 75 гектар жер береміз. Туристік салаға тартылған инвестиция көлемі 19 млрд теңгені құрады. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 23 млрд теңгеге дейін өседі деп күтілуде. Туристер саны 29%-ға артып, жарты жылда 200 мыңға жуық адамға жетті», – облыс басшысы.

Тэгтер:

Қарағанды облысы Турист