Қайғылы оқиға Атырауда Азаттық даңғылындағы 49-үйде болды, деп хабарлайды turkystan.kz Ақжайыққа сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, сәби ересектердің қарауынсыз қалған. Бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Полиция департаменті жағдайды растады. Қазір тиісті тексеріс жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
«Атырау қаласында көпқабатты үйлердің бірінің бесінші қабатынан екі жастағы баланың құлау дерегіне қатысты қылмыстық іс тіркелді. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.