9 жыл сәби күткен блогер Елдос «Колобок» сүйінші жаңалығын бөлісті

Бүгін, 10:03 / Інжу Әлихан
жеке парақшасынан

Көпшілікке «Елдос Колобок» деген лақап атпен танылған блогер, әзілкеш, асаба Елдос Кәдірханов ата-ана атанғандарын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Аллаға шүкір! Сүйінші! Қош келдің ұлым! 12.11.2025. Біз ата-ана болдық, ағайын», - деп жазды блогер.

Айта кетейік, биыл жазда блогер Елдос «Колобок» пен оның жары Таңшолпан 9 жылдан кейін алғаш рет ата-ана болатындарын айтып, көпшіліктен сүйінші сұраған еді. Ал шілде айында гендер патиін дүркіретіп өткізген болатын.