Көкшетауда жүрегінде ақауы бар жасөспірімді қаңғыбас иттер талап тастады

Бүгін, 08:24 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Көкшетауда қаңғыбас иттер 15 жастағы қызды талап тастады. Туа бітті жүрегі ауыратын жасөспірімді бұралқы иттер колледж маңында қапқан, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Бірінші курс студенті қабаған иттерден қатты қорқып қалған. Жүрегінде ақауы бар адамға бұл өте қауіпті дейді мамандар. Зардап шеккен жасөспірім жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.

Дәрігерлер ем-дом көрсетіп, құтырмаға қарсы екпе салған. Ал ветеринария басқармасы оқиға болған жерге қаңғыбас итті аулайтын мамандарды жібердік дейді.

"Қызым иттерге өзі тиіспеген. Сабаққа бара жатқан жолда жанынан өткен. Қазір қызым үйде емделіп жатыр. Аяғы әлі ауырады. Дәрігерлер дәрі-дәрмек жазып берді. Біз Застанционный елді мекенінде тұрамыз. Бұл жақта да қаңғыған иттер көп. Сондықтан қала әкіміне тиісті шара қабылдап, мәселені шешуін сұраймыз", - дейді қыздың әкесі Ержан Искуженов.