Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия қарулы күштері ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көптеген адамның қайтыс болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізіп, президент Режеп Тайип Ердоған мен бауырлас түрік халқына көңіл айтты", - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, Түркияның C-130 әскери ұшағы Грузия мен Әзербайжан шекарасында апатқа ұшырады.
Түркияның Қорғаныс министрлігі апат болғанын растады. Ұшақ Әзербайжаннан қайтып келе жатқан.
Грузия Ішкі істер министрлігінің мәліметінше ұшақ Әзербайжан шекарасынан бес шақырым жерде апатқа ұшыраған.
"Сакаэронавигация" компаниясының хабарлауынша, C-130 Грузия аумағына кіргеннен кейін бірнеше минуттан соң радардан жоғалып кеткен.