Қазгидромет бірнеше өңірде күн райының бұзылуына байланысты ескерту жасады

Бүгін, 05:05 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

"Қазгидромет" РМК 12 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер Астана мен 17 өңірде күн райының бұзылуына орай ескерту жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман болады. 

Алматы облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Маңғыстау мен Ақтөбе облыстарының батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстын, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/c-қа, күндіз екпіні 25 м/с-қа жетеді.

Абай облысының солтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/c-қа, күндіз екпіні 25 м/с-қа жетеді.

Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), қөқтайғақ, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Қостанай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с-қа жетеді.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз тау асуларында 15-20 м/с-қа жетеді.

Жетісу облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 17-22 м/с-қа жетеді.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с-қа жетеді.

Астанада көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа, батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа, батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.