ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысы шектелгенін мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ақмола облысы:
2025 жылғы 11 қараша сағат 19:30-да ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар "Астана-Қарағанды-Алматы" автожолының 30-92 шақырым аралығындағы учаскесінде (Жібек Жолы ақы алу пунктінен - Қарағанды облысының шекарасына дейін) жүк және қоғамдық көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.
Жолды 2025 жылғы 12 қараша сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Қарағанды облысы:
2025 жылғы 11 қараша сағат 19:30-да Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды облысында республикалық маңызы бар "Астана-Қарағанды-Алматы" автожолының 92-164 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақмола облысының шекарасынан - Теміртау ақы алу пунктіне дейін) жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.
Жолды 2025 жылғы 12 қараша сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.