Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында алаяқтық ісі бойынша блогер Ілияс Сариев пен Ақтоты Дүйсееваға қатысты сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сотта Ақтоты Дүйсеева Сариевқа қатысты шындығын айтты. Бұл туралы Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Ақтоты Дүйсееваның айтуынша, Ілияс Сариев қажылыққа жиналған ақшаның бір бөлігін ставка тігуге жұмсаған.
Дүйсеева телефонынан 1xBet деп аталатын букмекерлік кеңсеге Сариевтің бірнеше рет ақша аударғанын дәлел ретінде көрсетті", - делінген жазбада.
Ал Сариев бұған ешқандай дәлелі жоқ екенін алға тартса, Ақтоты Дүйсеева сот орындаушысына қосымшаға салынған қаражаттарды тізіп көрсетіп берді.