Биржада доллар қымбаттады

Бүгін, 16:37 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 525,28 теңгені құрап, 1,69 теңгеге өсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 11 қарашадағы ресми доллар бағамы 523,58 теңге болып белгіленді.

Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы 526,23 теңге, сату бағамы – 528,01 теңге.

Астана айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 523,4 теңгеге сатып алынып, 530,4 теңгеден сатылып жатыр.

Шымкенттегі айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы 525,71 теңге, сату бағамы – 527,73 теңге.

Еске сала кетейік, 3 қарашадағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,65 теңгеге төмендеген,

4 қарашада – 5,42 теңгеге төмендеген,

5 қарашада – 2,2 теңгеге көтерілген,

6 қарашада – 1,71 теңгеге көтерілген,

7 қарашада – 0,55 теңгеге төмендеген,

10 қарашада – 2,27 теңгеге төмендеген болатын.

Тэгтер:

Доллар Валюта биржа нарық қор