Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында каратэ сайыстары басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстандық спортшы Никита Тарнакин 84 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалға жолдама алды.
Ширек финалда Тарнакин Алжир өкілі Мидун Фаллехті 4:3 есебімен жеңді.