Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек бағасын төмендетеді

Бүгін, 14:05 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Денсаулық сақтау министрлігі баға белгілеу тетігін реформалау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Маркетингтік және көлік шығыстары құннан алынып тасталды, генериктердің шекті бағасы 30%-ға төмендеді. Бағалар ТМККК және МӘМС шеңберінде сатып алынатын 2 900 препаратқа және бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін 4 900 препаратқа қайта қаралды", - деп хабарлады бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов.

Нәтижесінде дәріханаларда бағалар орта есеппен 11%-ға, бірқатар танымал препараттар бойынша - 20%-ға және одан жоғары төмендеді. Бюджеттік үнемдеу 70,5 млрд теңгені құрады және бұл қаражат қосымша дәрі-дәрмектерді сатып алуға бағытталған.