Күйші Жанғали Жүзбай Түркияда беделді сыйлықпен марапатталды

Бүгін, 14:00 / Дана Ізтілеуова

Түркияның Алания қаласында медиа саласының мамандарының V-Халықаралық кеңесінде Ысмайыл Гаспралы атындағы сыйлықпен белгілі күйші, ұстаз Жанғали Жүзбай марапатталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл сыйлық түркі әлемінің бірлігі мен мәдени байланысын нығайту мақсатында беріледі. Халқымыздың күй өнеріне ерен еңбек сіңіріп жүрген Жанғали Жүзбай бұл сыйлыққа лайық деп танылды. Күйші Жанғали Жүзбайдың әлемнің 41 мемлекетінен 310 медиа саласының мамандары қатысуымен өткен халықаралық кеңесте Ысмайыл Гаспралы сыйлығымен марапатталуы "домбыра аспабының беделін халықаралық деңгейге көтеру" деп қабылдасақ та болады. Бұл кезге дейін осы сыйлық "Түркі жұртына сіңірген еңбегі үшін" деп аталатын. Саясаткерлер, ғалымдар, өнерпаздар мен БАҚ өкілдеріне беріліп келе жатқан марапат осы жылдан бастап ғалымдар мен өнерпаздар үшін "Ысмайыл Гаспралы сыйлығы" деп беріле бастады. Беделді сыйлықпен марапатталғандардың арасында дүние жүзіне танымал тұлғалар да болды. Атап айтсақ, Түркияның экс сыртқы істер министрі, Солтүстік Македонияның парламентінің төрағасы, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы, белгілі БАҚ өкілдері, түркі дүниясына еңбек сіңіріп жүрген ғалымдар мен өнерпаздар бар.

Тэгтер:

күйші Жанғали Жүзбай Түкрия беделді сыйлық