Apple компаниясы «MacBook Pro» ноутбуктеріне SIM-карта салу және мобильді байланыс байланысын қолдау мүмкіндігін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл жайында Bloomberg басылымы жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Компания сондай-ақ сенсорлық дисплей интеграциясы, жасанды интеллект пен желілік модемдерді дамыту бойынша да үлкен қадамға дайындалып жатқан көрінеді. Бұл Mac құрылғыларының Wi-Fi-ға деген тәуелділіктен арылтып, толыққанды байланыс орнату мүмкіндігіне ие болуы үшін жасалмақ қадам.
Ресми түрде әзірге қашан және қандай модельде бұл жаңалық енгізілетіні туралы ақпарат жоқ. Бірақ 2026 жылдан бастап жаңа MacBook Pro желілік және сенсорлық жаңартулармен бірге шығуы мүмкін.