Солтүстік Қазақстанда автомектептер көлік жүргізуге тыйым салынған адамдарды қабылдаған

Бүгін, 12:12 / Алуа Арман
istockphoto.com

Прокуратура көлік құралдарының жүргізушілерін даярлайтын 5 оқу ұйымында жүргізілген тексерулер шеңберінде қажетті оқу-жаттығу құралдарының жоқтығын, қарсы көрсетілімдері бар адамдарды оқуға жіберу, еңбек заңнамасын бұзу, қорытынды аттестациядан өтуге бұйрықтардың жоқтығы және нұсқаушыларды рейс  алдындағы медициналық тексеруден өткізудің жоқтығы түрінде өрескел бұзушылықтарды анықтады.  

Мәселен, аудандық автомектептердің бірінде медициналық тексеруден өтпей-ақ оқуға қабылдаудың 155 жағдайы, сондай-ақ көлік жүргізуге қарсы көрсетілімдері бар адамдарды оқыту фактілері анықталды. 

Петропавл қаласындағы автомектепте 579 түлектің әрбір бесіншісі 2024-2025 жылдары жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған. 

Облыс орталығындағы тағы бір автомектепте 714 түлектің әрбір оныншы түлек жол ережесін бірнеше рет бұзған, оның ішінде ақауы бар көлікті басқару, көлік жүргізу кезінде телефонды пайдалану және жылдамдықты арттыру, ал олардың бірі 2024 жылы осыған ұқсас бұзушылықтар үшін 13 рет әкімшілік жауаптылыққа тартылып, жол-көлік оқиғасында кінәлі болып танылған.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша кінәлілер әкімшілік жауаптылыққа тартылып, заң бұзушылықтар жойылды. 

Тэгтер:

Солтүстік Қазақстан автомектеп