Хасан Қасымбаев 12 жылға сотталды

Бүгін, 10:45 / Алуа Арман
Ғаламтор

Алматы облысының Талғар аудандық соты «Хуторские» ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі деп аталатын Хасан Қасымбаевқа үкім шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот Хасан Қасымбаевты адам ұрлау, қасақана ауыр дене жарақатын келтіру және қорқытып ақша алу қылмыстары бойынша кінәлі деп таныды. Айыптардың жиынтығы бойынша Қасымбаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Соңғы сөзінде Қасымбаев өз кінәсіздігін мәлімдеп, іс қолдан жасалғанын айтты. Сондай-ақ ол қылмыс құрамының болмауына байланысты өзін ақтауды сұрады. Алайда сот айыпталушының уәждерін негізсіз деп тапты.

Бұған дейін прокурор Ерлан Құланбаев Қасымбаевқа 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын, ал басқа айыпталушыларға – 9 жылдан 22 жылға дейін жаза тағайындауды сұраған болатын.

Іс материалдарына сәйкес, 2021 жылдың жазында Талғарда айыпталушылар жекпе-жек жаттықтырушысы әрі спортшы Арман Алимовқа шабуыл жасап, оны ұрып-соғып, Кеңдала ауылының сыртына алып кеткен. Айыптау нұсқасы бойынша, бұған Алимовтың «Қасымбаев мен үшін авторитет емес» деген сөзі себеп болған. Бұл туралы естіген Хасан Қасымбаев оны «сабақ беру үшін» жазалауға шешім қабылдап, серіктерін тартқан.

Тэгтер:

Талғар Хасан Қасымбаев хутор