Маңғыстауда 9 млрд теңге бюджет қаражаты негізсіз жұмсалып кете жаздаған

Бүгін, 09:35 / Алуа Арман
istockphoto.com

Маңғыстау облысының прокуратурасы бюджет қаражатын үнемдеу және мемлекеттік сатып алудың заңдылығын сақтау саласында белсенді жұмысты жалғастырып жатыр , деп хабарлайды turkystan.kz.

Жыл басынан бері 9 млрд теңгеге бюджет қаражатын негізсіз жұмсаудың алды алынып, қабылданған шаралар нәтижесінде 121 жауапты тұлға тәртіптік, 34 әкімшілік жауаптылыққа тартылды. 

Заң бұзушылықтарының басым бөлігі тауарлардың жоғары бағалануы, артық және қажетттілігі жоқ тауар, жұмыс және қызметтерді сатып алуды жоспарлау, бюджеттік өтінімсіз негізсіз қаражаттың бөлуі. 

Осыған ұқсас заң бұзушылықтары облыстың барлық қала мен аудандарда орын алған. 

Осы бағытта жүйелі жұмыстар өз жалғасын табуда.

Тэгтер:

Маңғыстау бюджет қаражаты