Әнші әрі актер Олжас Абай бұрынғы зайыбының сұхбатына жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған жазбасында жеті жыл бұрын ажырасқанын айтып, ұлдары үшін бар жауапкершілікті өз мойнына алғанын жеткізді.
“7 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз. Ұлдарым үшін әлі де біраз нәрсе жасаймын. Алименттерін уақыты төлеймін. Ұлдардың екі бөлмелі сыйға берілетін (дарственный) пәтері де дайын тұр. Уақыты келгенде беремін. Ажырасқан әйелдің өзін мен неге бағуым керек? Жолын тауып, еңбек қылып бақытты болсын”, – деп жазды ол.