Мәскеу көшелеріне Қазақстан Туы ілінді

10 қараша, 2025 / Өтей Торғайұлы
РИА Новости

Мәскеуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапары қарсаңында Ресей мен Қазақстанның тулары қатар ілінді деп хабарлайды turkystan.kz.

Қаланың орталығына бағытталған Ленин даңғылы бойымен, «Октябрьская» метро станциясына дейінгі аралық екі елдің туларымен безендірілген.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 11–12 қараша күндері Ресейге сапармен барады. Сапар аясында оның Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөздері өтеді.