Қуат Хамитов Еркебұлан Тоқтарды жекпе-жекке шақырды

10 қараша, 2025 / Өтей Торғайұлы

Аты шулы Қуат Хамитов актер әрі спортшы Еркебұлан Тоқтармен бокстасуға әзір екенін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Қ. Хамитов әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.

«Шын мәнінде қазақстандық промоутерлердің турнирлерді ұйымдастыру деңгейіне қатты көңілім қалған! Мына бос шоулар не өзі, қайда нағыз ауқымды кездесулер? Барлығы жалған, жасанды – түсініксіз нәрсе… Жыл соңындағы нағыз дүркірей өтетін жекпе-жек Қуат Хамитов пен Еркебұлан Тоқтар арасындағы кездесу болар еді. Бұдан дүбірлі, әсерлі жекпе-жек қазақстандық бокста жоқ!», - делінген жазбада.

Ал Еркебұлан Тоқтар бұл шақыруды қуана-қуана қабыл алатынын және Қуат Хамитовта жеңіске жететін мүмкіндік жоқ екенін айтты.

Тэгтер:

Еркебұлан Тоқтар Қуат Хамитов