"Енді қиналмайтын сияқтымын": Мөлдір Мұқан балаларымен түскен видео жариялады

10 қараша, 2025 / Өтей Торғайұлы

Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары Мөлдір Мұқан ажырасқаннан кейінгі отбасылық өмірін көрсетті , деп хабарлайды turkystan.kz.

"Қазір бір-бірімізге қатты мұқтажбыз. Жылы сөзімізбен, махаббатымызбен бір-бірімізді емдеп жүрміз. Осындай өзіммен қатар өскен ақылдары дария балаларым барда енді қиналмайтын сияқтымын… Балалардың не айтқанын салайын ба?", - деп жазды М. Мұқан әлеуметтік желіде.

Оның желіде жариялаған видеосына қатысты көпшілік түрлі пікір жазған.

"Жаны мөлдір Мөлдірім, бақытты балалығын әзәзілге ұрлатқан жазықсыз боталарым! Жұмылған жұдырықтай бірлікте, татулықта, бауырмалдықта болу арқылы бұл сынақты да артқа тастайсыңдар. Алла сендердің жақтарыңда!.. Белді мықтап буыңдар, уайымды қуыңдар, бар жақсылық алда, айналайындарым!", - деп жазды журналист Қымбат Әбілдақызы.

Тэгтер:

әнші Мөлдір Мұқан