Қызылорда облысында полиция "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында аңшылықпен айналысатын азаматтардың атыс қарулары мен рұқсат құжаттарын мұқият тексеріп, құқық бұзушылықтардың жолын кесуге басымдық берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қызылорда облысы полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасы жүргізген жұмыстар нәтижесінде 3 қылмыстық іс қозғалып, 105 құқық бұзушылық анықталды. Сонымен қатар заңсыз айналымнан 12 қару тәркіленді.
Қазір аталған деректер бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, заңға сәйкес шаралар қабылдануда.
Полиция тұрғындарды аңшылық және қару айналымы саласындағы заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Табиғатты қорғау – әр азаматтың борышы.