ПСЖ президенті Нассер әл-Хелаифи «Астана Арена» стадионын аралады

Бүгін, 17:36 / Інжу Әлихан
ҚФФ

«Пари Сен-Жермен» футбол клубының президенті, УЕФА Атқарушы комитетінің мүшесі Нассер әл-Хелаифи Қазақстанға сапары аясында Қазақстан футбол федерациясының кеңсесіне келді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол ҚФФ президенті Марат Омаровпен кездесіп, Қазақстандағы футболдың дамуын, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін және ықтимал инвестициялық әріптестік бағыттарын талқылады.

Сондай-ақ Нассер әл-Хелаифи Қазақстан футбол федерациясының музейіндегі ел футболының тарихына арнап қойылған экспозициялармен танысты. Кейін «Астана» және «Жеңіс» футбол орталықтарының тәрбиеленушілерімен кездесіп, естелік суретке түсті.

Бағдарлама соңында «Пари Сен-Жермен» президенті «Астана Арена» стадионынының инфрақұрылымымен танысты.