Алматы мен Астанадан Гоаға қатынайтын әуе рейсі іске қосылады

Бүгін, 17:40 / Алуа Арман
istockphoto.com

FlyArystan әуе компаниясы Қазақстанның ірі туроператорларымен бірлесіп, Алматы мен Астанадан Солтүстік Гоаға чартерлік рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Чартерлік бағдарлама кестесі:

Алматы – Гоа – Алматы: 2025 жылдың 26 желтоқсанынан бастап, сәрсенбі және жұма күндері;

Астана – Гоа – Астана: 2025 жылдың 30 желтоқсанынан бастап, сейсенбі күндері.

Рейстер Гоаның солтүстік бөлігінде орналасқан Манохар халықаралық әуежайына (Manohar International Airport, GOX) орындалады.

Тэгтер:

Ұшақ Рейс әуе рейсі Әуе компаниясы Гоа