Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша М.-ға қатысты істі, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сотта анықталғандай, 2025 жылғы 1 қарашада М. автокөлікті басқара отырып, жол үстінде көршілес көліктің жолаушысына әдепсіз іс-қимыл (ым) көрсеткен.
Осылайша ол қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзып, өзге адамдарға айқын құрметсіздік білдірген.
Құқық бұзушылықтың мән-жайлары іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, М.-ның өз түсініктемесімен, сондай-ақ Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған бейнежазбамен дәлелденген.
Сот отырысында М. өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін білдірді және көршілес көліктің жолаушысы оның жол қиылысында әрекет жасау ережесін бұзғанын видеоға түсіріп отырғанын, бұл жағдай ашуын тудырғанын, соның салдарынан әдепсіз қимыл (ым) жасағанын түсіндірді.
Соттың қаулысымен М. ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 78 640 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.