Қазақстан ат спорты бойынша бірнеше ірі халықаралық жарысты өткізу орны ретінде таңдалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Енді 2026 жылы елімізде Әлем кубогының кезеңі, World Cup Challenge финалы және Еуразия лигасының финалы өтеді. Аталған турнирлер Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) қолдауымен ұйымдастырылады.
Бұл қазақстандық спортшыларға алғаш рет өз елінде өтетін жарыстарда квалификациялық ұпай жинауға мүмкіндік береді.
Бұл шешім Гонконгте өткен FEI Бас ассамблеясында қабылданды.
Халықаралық федерация президенті Ингмар де Вос Қазақстанда жарыстарды өткізу ұйымның халықаралық турнирлер географиясын кеңейту және жаңа елдерді әлемдік спорттық күнтізбеге қосу мақсаттарына сай екенін атап өтті.